
Павлодар қалалық мәслихатының XXXVIII кезектен тыс сессиясы өтті.
⠀Депутаттар 2026 жылы кондоминиум объектісін басқаруға төленетін төлемдердің ең төменгі мөлшерін - 0,0093 айлық есептік көрсеткішті, яғни айына бір шаршы метр пайдалы алаң үшін 40,22 теңгені қарастырып, бекітті.
⠀Сондай-ақ сессияда:
«Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы».
«Павлодар қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы»;
«Павлодар қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» мәслихат шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар талқыланып, бекітілді.
⠀Сессия қала тұрғындарын әлеуметтік қолдауды жақсартуға және сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық ұсынылған шешімдерді қабылдаумен аяқталды.