Мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы

Мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы

Павлодар қалалық мәслихатында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

Депутаттар «2026 жылға арналған Павлодар қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» мәселені қарастырды.

⠀Аталған шешімді қабылдаудың негізгі мақсаты - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін тиісті деңгейде күтіп ұстауды және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және Павлодар қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсету мәселелері бойынша тарифтерді қалыптастыруды жүйелендіру.

⠀2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төменгі мөлшері 0,0093 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілді, бұл пайдалы алаңның бір шаршы метрі үшін айына 40,22 теңгені құрайды.

⠀Сондай-ақ «Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе де талқыланды.

⠀Түзетулер төлемдердің мөлшері мен қолдауға құқығы бар қала тұрғындарының санаттарына қатысты.