Депутаттар және қоғамдық кеңес мүшелері «Крендель» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді

Депутаттар және қоғамдық кеңес мүшелері  «Крендель»  ЖШС  қызметкерлерімен кездесу өткізді

Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы Кожин Қобланбек Нұрмұханұлы және қала депутаттары Мадина Мұзапарова, Нұр-Сәуле Байбулатовамен бірге қоғамдық кеңес мүшелері Махаббат Анаева, Бахытжан Тезекбаева «Крендель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

⠀Сондай-ақ, кездесу барысында олар жаңа редакциядағы Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіріп, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

⠀Депутаттар құжатта бірқатар түбегейлі өзгерістер қарастырылғанын баса айтты.

⠀Жаңартылған Кіріспеде адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің басты басымдығы болып жарияланды. Конституциялық деңгейде әділеттілік, құқық тәртібі, табиғатты құрметтеу сияқты құндылықтар да бекітілген.

⠀Сонымен қатар, Конституцияның жобасында Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің жалғыз қайнар көзі және егемендіктің иесі екені ерекше атап көрсетілген.