
Атамекен кентінің тұрғындарымен өткен кездесуде Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы Қобланбек Кожин, сондай-ақ депутаттар Елена Яровенко мен Әлия Асқарова жаңа редакциядағы Конституцияда көзделген негізгі өзгерістер туралы айтты.
⠀Жаңартылған Негізгі Заңның басты ерекшелігі – адам құқықтарына басымдық беруі екеніне ерекше назар аударылды.
⠀Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жаңа Кіріспеде ғана емес, бүкіл Конституцияның басымдығы мен негізгі мағынасы ретінде де анықталған.
⠀Сондай-ақ басқа маңызды өзгерістер қатарында 145 депутаттан тұратын бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрылуы да атап өтілді. Жаңа органның өкілеттіктері кеңейтіледі. Құрылтай пропорционалды сайлау жүйесі бойынша құрылады, ал депутаттардың өкілеттілік мерзімі бес жыл болады.
⠀Кездесу соңында депутаттар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, оларды қызықтырған конституциялық реформалардың нормаларын түсіндірді.