Жетекші ауылының тұрғындармен және ақсақалдармен кездесу

Жетекші ауылының тұрғындармен және ақсақалдармен кездесу

Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы Қобланбек Кожин Жетекші ауылында болып, жергілікті тұрғындармен және ақсақалдармен кездесті.

⠀Кездесуде еліміздің Ата Заңына өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Біздің қоғамымыздың жетілгендігіне басты назар аударылды.

⠀Бүгінде Конституция халық мүддесін басты орынға қойған, орныққан мемлекеттің бейнесін айқындайды.

⠀«Халық – биліктің қайнар көзі ғана емес, сонымен қатар Егемендіктің жалғыз иесі болып табылады», - деп атап өтті Қ. Кожин. Бұл норма қазір Конституцияда анық көрсетілген.

⠀Диалог тиімді әрі нәтижелі болды.