
Павлодар қалалық маслихатының төрағасы Қобланбек Кожин және Қоғамдық кеңестің мүшелері Мұрат Ксембаев пен Нұрсипат Уәлиттенова «Замандас» клубының мүшелерімен кездесіп, алдағы конституциялық реформалар туралы талқылады.
⠀Аға ұрпақ өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті және жүзеге асыруға жоспарланған негізгі өзгерістер туралы түсіндірме алды.
⠀Кездесуде халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне, жергілікті өкілді органдардың рөліне және азаматтардың шешім қабылдауға қатысуына ерекше назар аударылды.
⠀Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.