Павлодар қалалық мәслихатының XXXVII кезектен тыс сессиясы

Павлодар қалалық мәслихатының XXXVII кезектен тыс сессиясы

Павлодар қалалық мәслихатының XXXVII кезектен тыс сессиясы өтті.

⠀Депутаттар Павлодар қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын қарап, бекітті.

⠀Құжат қаланың экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттары бойынша стратегиялық бағдарларды айқындайды.

⠀Жоспарға:

- 2022–2024 жылдарға арналған ағымдағы жағдайды егжей-тегжейлі талдау;

- бюджеттен және жеке сектордан қаржыландырылатын жобалары бар инвестициялық жоспар;

- 3 негізгі бағыт бойынша 17 нысаналы индикатор:

Жетістікке жету нүктелері

Өмір сүру сапасының жоғары болуы

Экономика мен қоғамның түпкілікті өзгерістері кіреді.

⠀Сондай-ақ сессия барысында қабылданған құжат алдағы 5 жыл ішінде павлодарлықтардың өмірін жақсарту бойынша жүйелі және тиімді жұмыстың негізі болады.