
Қалалық мәслихаттың XXXVI кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия барысында депутаттар кенттің, ауылдық округтің және бірқатар ауылдардың 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы мәселені қарады.
⠀Бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және белгіленген бюджеттік параметрлер негізінде әзірленді. 2026 жылға арналған 4-деңгейдегі бюджеттің жалпы көлемі 3 749,6 млн теңгені құрады. Оның ішінде 181,9 млн теңге — өз табыстары, 1 805,4 млн теңге — қалалық бюджеттен берілетін трансферттер, 1 762,4 млн теңге — субвенциялар.
⠀Сонымен қатар, аумақтар бойынша бюджеттік көрсеткіштер келесідей: Атамекен кенті—638,4 млн теңге, Павлодар ауылы — 1 229,1 млн теңге, Жетекші ауылы — 657,3 млн теңге, Кенжекөл ауылдық округі — 884,8 млн теңге, Мойылды ауылы-340,3 млн теңге.
⠀Қабылданған шешім қала маңындағы аумақтарды тұрақты дамытуға және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.