Мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы

Мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы

Павлодар қалалық мәслихатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің, сондай-ақ 2026 жылға арналған бюджет бойынша дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылары баяндама жасады.

⠀Павлодар қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің 2026 жылға арналған шығыстарының сомасы 73 536,8 млн теңгені құрады. Жұмыстың басым бағыттарының бірі жол инфрақұрылымын жақсарту болып қала береді. Қала жолдарының жалпы ұзындығы 479,5 км.

⠀2026 жылы: 23 көшеге орташа жөндеу жүргізу; тротуарлардың 10 учаскесін жөндеу; 33 көшеге асфальт төсеу; орамішілік аумақтарды жөндеу және шұңқырларды жөндеу жоспарға енгізілген.

⠀Сонымен қатар, қаланы абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілетін болады: шағын скверлерді жөндеу, аумақтарды көгалдандыру, спорт және балалар алаңдарын орнату. Атап айтқанда, 50 жаңа балалар ойын алаңын орнату жоспарланған.

⠀Дене шынықтыру және спорт бөлімі қаланың спорт объектілерін күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету жұмыстарын жалғастырады. 2026 жылға арналған жоспарда: футбол алаңдарын ағымдағы жөндеу; футбол алаңдарын жарықтандыру және жөндеу жұмыстары; көше тренажерлары мен көше-воркаут кешендеріне қызмет көрсету.

⠀Осы шаралардың барлығы павлодарлықтар үшін қалалық ортаның жайлылығын, қауіпсіздігін және сапасын арттыруға бағытталған.