
Павлодар қаласында қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІІІ сессиясы өтті.
⠀Депутаттар бірқатар бюджеттік құжаттарға өзгерістер енгізу бойынша шешімдерді қарастырып, қабылдады.
⠀Атап айтқанда, қалалық мәслихаттың «2025 – 2027 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізілді.
⠀Сонымен қатар, бюджетті атқару барысында жүргізілген облыстық трансферттердің бекітілген көлемінің азаюына байланысты түзетулер енгізілген болатын.
⠀Бұдан басқа, депутаттар мәслихаттың «2025-2027 жылдарға арналған жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне, сондай-ақ қалалық мәслихаттың басқа да шешімдеріне енгізілген өзгерістерді қарастырып, талқылады.
⠀Қала тұрғындарын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету және қаражатты тиімді бөлу мақсатында тиімді шешімдер қабылданды.