
Павлодар қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХІІ сессиясы өтті.
⠀Күн тәртібіне қаланың дамуына арналған бірнеше маңызды мәселелер қойылды.
⠀Депутаттар «Павлодар қаласында оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі бойынша салықтарды есептеу кезінде мөлшерлеменің мөлшерін төмендету туралы» мәселені талқылады.
⠀«Павлодар қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» қолданыстағы шешім 2024 жылы қабылданған болатын, енді ол 2025 жылғы 31 желтоқсанда күшін жояды. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме 4 пайыздан 3 пайызға дейін төмендету туралы жаңа шешім күшіне енеді.
⠀Сонымен қатар, бұл шара шағын және орта бизнесті қолдауға, кәсіпкерлер үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға және өңірлік орталықта іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған.
Павлодар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы мәселе де маңызды болды.
⠀Талқылау барысында жаңартылған аймақтарға бөлу схемасы аумақты пайдалануды тиімді жоспарлауға, құрылыс, инфрақұрылым және қоғамдық кеңістіктер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.
⠀Бұдан басқа, отырыс барысында Павлодар қалалық мәслихатының бірқатар алдыңғы шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы, сондай-ақ қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.