Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Павлодар қалалық мәслихатының әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

⠀Отырыс барысында комиссия мүшелері бірқатар бағыттар бойынша бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдады.

⠀Кезекті отырыста жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ішкі саясат бөлімі мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз баяндамаларын ұсынды. Сондай-ақ, 2026 жылға арналған бюджет жобасы талқыланды.

⠀Сонымен қатар бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, халықтың осал топтарын қолдау, сондай-ақ мемлекеттік тіл саясатын арттыру және қаланың мәдени саласын дамыту мәселелері ерекше талқыланды.

⠀Депутаттардың барлық ұсыныстары мен ескертулері алдағы жұмыс барысында ескерілетін болады.