Павлодар қалалық мәслихатының кезекті ХХХІ сессиясы

Павлодар қалалық мәслихатының кезекті ХХХІ сессиясы

Павлодар қалалық мәслихатының кезекті ХХХІ сессиясы өтті.

⠀Сессияның күн тәртібіне Павлодар қаласын дамытуға және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты бірқатар маңызды мәселелер кірді.

⠀Бірінші кезектегі 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Түзетулер облыстық бюджетті нақтылауға және реттелетін салықтар бойынша қаражатты қайта бөлуге байланысты болды.

⠀Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі - жылыту маусымына дайындыққа ерекше назар аударылды. Барлық коммуналдық кәсіпорындар инженерлік желілер мен жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізді. Гидравликалық сынақтар жүргізілді, жылу желілерінде 223 зақым анықталғаннан кейін барлығы қысқа мерзімде жойылды. Ағымдағы қыс мезгіліне тіршілікті қамтамасыз ету объектілері толығымен дайын.

⠀Сонымен қатар, депутаттар отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша учаскелік полиция инспекторларының жұмысын талқылады. Қаламызда «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Зорлық — зомбылықсыз 16 күн», «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциялары мен алдын алу іс-шаралары үнемі өткізіледі.

⠀Қаланың санитарлық жағдайы әрқашан жеке мәселе болып қала береді. «Горкомхоз Павлодар» ЖШС мердігерлік ұйымы қоқыстарды шығарумен және стихиялық қоқыс үйінділерін жоюмен айналысады. Тұрғындардың өтінімдері eOtinish, eGov.kz порталы және Таза Қазақстан платформасы арқылы қабылданады.

⠀Бұдан басқа, «Строитель» бау-бақша серіктестігінен жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселесі қаралды. Бұл аумақтарда қаланың бас жоспарында көзделген көпқабатты тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік объектілерінің құрылысы жоспарлануда.

⠀Кезекті сессия отырысының соңында мәслихаттың бірқатар шешімдеріне өзгерістер енгізіліп, қала әкімдігі комиссиясының жаңартылған дербес құрамы бекітілді.