
Павлодар қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
⠀Депутаттар қала өміріне қатысты өзекті мәселелерді қарастырып, талқылады.
⠀Атап айтқанда, «2025-2027 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
⠀Әлеуметтік объектілер мен көппәтерлі тұрғын үйлерде жылумен жабдықтауды іске қосу барысы туралы ақпаратқа депутаттар ерекше назар аударды, өйткені бүгінгі таңда жылыту маусымына дайындық мәселелері өзекті жағдай болып табылады.
⠀Сонымен қатар, отырыста орамішілік аумақтарды күтіп ұстау және санитарлық тазарту, аулаларды абаттандыру және тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару мәселелері қаралды.
⠀Сондай-ақ, талқылау қорытындысы бойынша әр бағыт бойынша жұмысты одан әрі жақсарту үшін ұсынымдар әзірленіп, бейінді қызметтерге тапсырмалар берілді.
⠀Барлық өзекті мәселелер жақын арадағы сессияның қарауына шығарылды.