Павлодарда қаласында Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
⠀Басты тақырып - көгалдандыру, абаттандыру және спортты кеңінен дамыту. Жасыл желектерді қайта құру жұмыстары үш кезеңде жүргізілді: ескі үйеңкі ағаштарын кесу; топырақ құнарлығын көтеру және тыңайтқыштармен қамту; жаңадан ағаш аллеяларын отырғызу.
⠀Биыл абаттандыру жұмыстары жалғасуда - мердігер ұйым 17 шағын парктерде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Белсенді өмір салтын ұстанатын павлодарлықтардың үлесі 38,6% - дан 39,4% - ға дейін өсті.
⠀Бұдан тұрғындардың спорт пен денсаулыққа көп көңіл бөлетінін көреміз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша спорт секцияларын жан басына қаржыландыру тетігі іске асырылуда, соның арқасында 13 280 бала мен жасөспірім тегін спортпен шұғылданады.
⠀Сондай-ақ, ұлттық спорт түрлеріне ерекше назар аударылуда – қазіргі кезде ұлттық спорттың 13 түрі бойынша 8 475 адам айналысады, оның ішінде қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар және басқалары.
⠀Сонымен қатар, кеңес мүшелері өзекті мәселелерді көтеріп, қалалық ортада спорттық инфрақұрылымды одан әрі дамыту жолдарын талқылады.
⠀