Павлодар қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
⠀Талқылаудағы маңызды мәселе - учаскелік полиция инспекторларының жұмысы және халықпен өзара іс-қимыл. Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алуға ерекше назар аударылды.
⠀Соңғы жылдары бұл қоғам мен құқық қорғау органдарының алаңдаушылығын арттыратын отбасындағы зорлық-зомбылық қылмысы болды.
⠀Осындай фактілердің алдын алу үшін қалада «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс – шаралары, сондай-ақ «Бақытты отбасы-бақытты ел» және «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциялары үнемі өткізіліп тұрады. Рейд жасау кезінде инспекторлар аулалар мен пәтерлерді аралап, қоғамға жат өмір салтын ұстанатын азаматтарды анықтап, олармен алдын-алу әңгімелерін жүргізеді.
⠀Сонымен қатар, депутаттар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру мәселелерін қарастырды.
⠀Тұжырымдама аясында үш жылдық «Қауіпсіз қала» жобасы басталды. Ол Павлодар облысы бойынша 5 мыңға жуық бейнебақылау камералары мен аппараттық-бағдарламалық кешендерді орнатуды көздейді. Бүгінгі таңда облыс орталығында барлық камералар орнатылған.
⠀Осылайша, депутаттар жүйелі алдын алу жұмыстары мен заманауи технологиялар павлодарлықтардың қауіпсіздігін арттыруға және құқықтарын қорғауға ықпал етуі тиіс екенін атап өтті.