Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Павлодар қалалық мәслихатында экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

⠀Қалалық бюджетті және кенттің, ауылдық округтің және Павлодар қаласының кейбір ауылдарының бюджеттерін нақтылау мәселелері қаралды.

⠀Бұдан басқа, күн тәртібіне мәслихаттың таяудағы сессиясына шығарылатын басқа да маңызды тақырыптар кірді.

⠀Мұндай отырыстар сессияда депутаттардың жұмысы барынша сындарлы өтуі үшін барлық мәліметтерді алдын ала талқылауға және келісілген шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.