Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы Қобланбек Кожин сегізінші шағын ауданның ардагерлер кеңесінің активімен кездесті.
⠀Кездесу барысында ол аға буынның қаланың дамуына қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтіп, олардың еңбектеріне ризашылық білдірді.
⠀Шай үстінде ардагерлермен Президент Жолдауының маңыздылығы туралы айтылып, өз ара пікір алмасты.
⠀Кездесуде бизнес өкілдері ардагерлерге құрмет көрсетті. "Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты" ЖШС-нің басшысы Владимир Дудин оларға музыкалық орталық сыйлады. Әрине, бұл ардагерлердің бос уақыттарында пайдалануға лайық жақсы сыйлық болды.