Қалалық мәслихат депутаттары қала әкімі Хасар Хабылбековтың төрағалығымен қалалық активке қатысып, онда Президенттің "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Жолдауының негізгі ережелерін талқылады.
⠀Қазіргі заманғы технологияларды енгізу, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, инновациялық экономиканы дамыту және әлеуметтік тұрақтылықты нығайту басты назарда екендігі аталып өтті.
⠀Қала әкімінің орынбасарлары Әнуарбек Аманов пен Светлана Гладышева сөз сөйлеп, Павлодар қаласында Жолдау аясындағы жобалардың іске асырылуы туралы айтты.
⠀Қатысушылар цифрлық шешімдер қаланы дамытудың драйвері болады, жаңа жұмыс орындарын құруға, өмір сүру сапасын жақсартуға және мемлекеттік қызметтерді одан да қолжетімді етуге көмектесетінін атап өтті.
⠀Қалалық активтегі бұл талқылау Жолдауда көрсетілген тың идеялар жергілікті жерлерде кеңінен қолдау табатындығын көрсетті.