Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары онлайн-режимде Қазақстан Республикасы Президентінің "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге және талқылауға арналған облыстық активке қатысты.
⠀Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Жолдауда атап көрсетілген цифрлық технологияларды енгізуге, түрлі салаларда жасанды интеллектті пайдалануға және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасауға қатысты негізгі тезистеріне тоқталды.
Білікті кадрларды даярлау, экономикаға инновацияларды енгізу, сондай-ақ қаланың цифрлық инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
⠀Актив қатысушыларының пікірінше, Жолдау Қазақстанның одан әрі дамуының стратегиялық векторын белгілейді, онда цифрландыру мен заманауи технологиялар тұрақты өсудің, халықтың өмір сүру сапасын арттырудың және тиімді мемлекеттік басқарудың маңызды құралына айналады.