Республика мәслихаттары төрағаларының делегациясы

Республика мәслихаттары төрағаларының делегациясы

Республика мәслихаттары төрағаларының делегациясы Павлодар облысын аралау барысында еліміз бойынша көшбасшылар үштігіне енген Павлодар жағалауын аралады.

⠀Тазалық, абаттандыру және кең жағажай аймағы делегаттарға жақсы әсер қалдырды.

⠀Бұл ретте, қонақтар осы жердегі дамыған инфрақұрылым жағалауды қаланың визит карточкаларының біріне айналдыратынын атап өтті.

⠀Сонан соң делегация тобы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына барып қайтты. Мәслихат өкілдерінің назарына фронт-офистердің жұмысы, цифрлық сервистер және халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің заманауи тәсілдері көрсетілді.

⠀Сондай-ақ, бұл жерде тұрғындарға қызмет көрсету процесін жылдам әрі ыңғайлы етуге көмектесетін электрондық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, мәслихат төрағаларының делегациясы өңірдегі ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі – «ҚЭЗ» АҚ-да болды. Қонақтарға өндірістік цехтар көрсетіліп, ағымдағы жобалар мен зауыттың даму перспективалары туралы айтылды.

⠀Сонымен қатар, делегация Қазақстан үшін бірегей нысан - Ертіс өзені арқылы өтетін экстрадоз көпірінің құрылыс алаңын аралады. Мамандар техникалық ерекшеліктер туралы егжей-тегжейлі айтып, жобаны іске асыру елдің көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болатынын атап өтті.