Мемлекет басшысының көлеңкелі экономиканы төмендету және ұлт денсаулығын қорғау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Павлодар облысында ауқымды және жүйелі жұмыс жүргізілуде.
⠀Жыл басынан бері Экономикалық тергеу департаменті вейп және оған арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымы үшін 8 қылмыстық іс қозғады. 1,6 млрд теңгеден астам сомаға 156 мыңнан астам электрондық темекі тәркіленді.
⠀Осыған орай тәркіленген өнімді жою жөніндегі акцияға Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары да қатысты, сонымен қатар акциздік маркалары жоқ 2 мыңнан астам вейп пен темекі бұйымдары жойылды.
⠀Жастар – ел болашағының тірегі, олардың дені сау, білімді, тәрбиелі болып өсуі – баршамыздың ортақ борышымыз.
⠀Болашағымыз жарқын болсын десек, жастарымызды бүгіннен бастап қорғауымыз қажет.