Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл

10 тамыз – Қазақстан халқы үшін ерекше күн. Бұл күні біз Абай күнін – ұлы ойшыл, қазақтың көрнекті ақыны, ағартушы және композитор Абай Құнанбаевтың туған күнін атап өтеміз.

⠀Ол - қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және ұлттың рухани жаңғыруының символы.

⠀2020 жыл - Халықаралық Абай жылына айналды. Оның өлеңдері, философиялық мұрасы мен музыкалық шығармалары бүгінде адамдардың жүрегінде резонанс тудырып, танымға, адалдық пен еңбекке жетелейді.

⠀Биыл еліміз Ұлы Ақынның 180 жылдығын атап өтуде. Бұл күні Абай мұрасының мәңгілік екендігіне тағы көз жеткіземіз.

⠀Ақын 19-шы Қара сөзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады...» деп жазды. Бұл - адам жақсы нәрселерді ескеріп, жаман нәрселерден сақтанып, тек қана жақсылық жасауға ұмтылса, «Жаманнан жиреніп, жақсыдан үйрену» керектігін түсінсе, ол адамның жақсылығы дегенге саяды.

⠀Кемеңгердің әрбір туындысы – өсиеті - адамзат баласы үшін таусылмайтын телегей теңіз ақыл-нақыл, өмір философиясы.

Павлодар қалалық мәслихатының Абай Құнанбаевты еске алып, оның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

⠀Бұл құрмет белгісі жыл сайын 10 тамызда Қазақстанда атап өтілетін Абай күніне арналған іс-шаралардың бір бөлігіне айналды.