«ERG Service» ЖШС бастауыш партия ұйымының еңбек ұжымымен кездесу

«ERG Service» ЖШС бастауыш партия ұйымының еңбек ұжымымен кездесу

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «ERG Service» ЖШС бастауыш партия ұйымының еңбек ұжымымен кездесу өтті.

Іс-шараға облыстық мәслихат депутаты Раушан Даумова, қалалық мәслихат төрағасы Қобыланбек Қожин, депутаттар Әлия Асқарова мен Мадина Мұзапарова, сондай-ақ партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сүлеймен Сыздыков қатысты.

Кездесу барысында жұмысшы мамандықтарының өкілдерін толғандыратын өзекті мәселелер қаралды. Өндірістік секторды дамыту, еңбек жағдайын жақсарту және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру бағыттары талқыланды.

Шараның ерекше сәті – партия белсенділері мен мүшелерін салтанатты түрде марапаттау болды. Оларға адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі және өңірдің өндірістік саласын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін шынайы алғыс білдірілді.

«Сіздердей азаматтардың арқасында экономикамыздың берік негізі қаланып, халықтың өмір сүру сапасы артып, еңбек қоғамның басты құндылықтарының біріне айналуда», – деп атап өтті шараға қатысушылар.

Соңында Павлодар машина жасау зауытының директоры Евгений Ивченко: «Бұл кездесу өндірістік секторды қолдаудың және жұмысшы мамандықтарының өңір экономикасындағы рөлін айқындаудың маңыздылығын дәлелдейді», – деді.