Облыстық Достық үйінде Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің бастамасымен кеңейтілген кездесу өтті.
⠀Кездесу барысында Экономикалық тергеу департаменті мен Павлодар облыстық мәслихатының депутаттық корпусы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
⠀Меморандум ережелерін іске асыру құқықтық тәртіпті нығайтуға, құқықтық мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосады және мемлекет Басшысы қойған міндеттерді орындауда маңызды кезең болады.
⠀Сонымен қатар Экономикалық тергеу департаменті жұмысының нәтижелеріне және заң шығарушы органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимыл перспективаларына ерекше назар аударылды.