Жаңа көпірге бару

Жаңа көпірге бару
Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылыс алаңына барып қайтты. Бұл объект «Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы»
республикалық маңызы бар автожолының бөлігі болады. Болашақ құрылыстың жалпы ұзындығы 2 722 метрді құрайды, оның ішінде көпір бөлігі – 691 метр. Жобаны іске асыру мерзімі – 2024-2027 жылдар.
Бүгінгі таңда №1 және №6 жағалау тіректерін орнату аяқталды, №2, 4 және 5 аралық тіректердің құрылысы салынып және бастапқы блоктарды бетондау орындалды. Жер жұмыстары және аралық құрылыстарды
монтаждауға дайындық белсенді жүргізілуде. Қазіргі уақытта объектіде барлығы 220 маман мен 61 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ стратегиялық маңызды объектінің құрылысы кесте бойынша жүріп жатыр. Айта кетерлік жайт, Ертіс арқылы өтетін жаңа көпір көліктік қолжетімділікті жақсартады, транзиттік әлеуетті арттырады және өңірдің дамуына қуатты серпін береді.