Қала әкімінің Павлодарское ауылы тұрғындармен есептік кездесуі

Қала әкімінің Павлодарское ауылы тұрғындармен есептік кездесуі

Қала әкімінің Павлодарское ауылы тұрғындармен есептік кездесу.

Облыс әкімінің @asaiyn.baikhan қолдауымен биыл ауылда бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда.

Қосалқы станция орнатылып, бірінші желі қосылды. Кіреберіс жолдар абаттандырылды. Тамыз айында екінші желі қосылады, қазір 1а фидерін тарту жұмыстары жалғасуда. Бұл электр қуатының жиі үзілу мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері 34,5 шақырымнан астам жол жөнделді, 5 аялдама орнатылды, тағы 4-еуінің жұмыстары жүріп жатыр. Ауылда абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жалғасуда.

Ауыл әкіміне жұмыс қарқынын бәсеңдетпей, барлық істі мерзімінде аяқтап, тұрғындармен тұрақты диалогты жалғастыруды тапсырма берілді.