Металлург күні

Металлург күні

Құрметті металлургия саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Металлург күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Металлургия – еліміздің өнеркәсібінің тірегі, ал Павлодар қаласының  мақтанышы деп толық сеніммен айтуға болады. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, кәсіби шеберліктеріңіздің  арқасында қаламыздың ғана емес, бүкіл еліміздің экономикасы дамып келеді.

Сіздердің ауыр, бірақ өте маңызды қызметтеріңіз үшін алғысымды білдіремін.
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, тұрақтылық, бақ-береке және жаңа еңбек жетістіктерін тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, әр жұмыс күні сіздерге қанағат пен болашаққа деген сенім сыйласын!