Павлодар облысына жұмыс сапарымен Омбы қаласынан делегация келді.
⠀Екі өңірдің бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен өткен іскерлік келіссөздер үшін кездесудің негізгі алаңы облыстық Достық үйі болды.
⠀Сапар аясында байланыс биржасы ұйымдастырылды. Екі жақтың кәсіпкерлері өнеркәсіп, логистика, ауыл шаруашылығы, машина жасау және шикізатты қайта өңдеу сияқты салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
⠀Сондай-ақ тараптар сауда-экономикалық байланыстарды арттыруға және бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.
⠀Кездесу барысында делегаттар өзара іс-қимылдың мұндай форматтары сату нарықтарын кеңейтіп қана қоймай, шекара маңындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ете отырып, тату көршілік қатынастарды нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.