Павлодар қалалық мәслихатының кезекті ХХІХ сессиясы өтті.
⠀Депутаттар бірқатар өзекті мәселелерді қарап, қорытынды шығарды.
⠀Олардың ішінде – «Павлодар қалалық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу».
⠀Бюджетті нақтылаудың негізгі себептері жоғары тұрған бюджеттен 1 340,4 млн. теңгені ұлғайту сомасына бұрын бөлінген нысаналы трансферттер бойынша бюджетті түзету болып табылады.
⠀Павлодар қаласының коммуналдық мүлкін басқару жөніндегі істердің жай-күйіне келетін болсақ, қаланың коммуналдық меншігінде 44 заңды тұлға бар. Объектілер жалға, сенімгерлік басқаруға, өтеусіз пайдалануға берілуі мүмкін, сондай - ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жекешелендіруге де жатады.
⠀Сонымен қатар, «2025 жылы Өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру барысы туралы» мәселе қаралды. 2025 жылғы 16 маусымға 3008 адам немесе жоспардың 36,6% жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру» бастамасы аясында 765 жұмыс орны құрылды.
⠀Мансап орталығы азаматтардың ерекше санаттарына да көмек көрсетеді:
пробация қызметінде есепте тұрғандардың ішінен 39 адам өтініш білдірді - 14 адам жұмысқа орналастырылды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандардың ішінен 41 адам өтініш білдірді, 7 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.
⠀Қаламызда жоғары білімді және ғалымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік тұжырымдамасын іске асыру жалғасуда. Халықтың спортқа қатысу деңгейі 39,4% - ға дейін өсті (2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) 6 жастан 17 жасқа дейінгі 13280 балалар мен жасөспірімдер спорт секцияларына тегін қатысады. Мүгедектігі бар адамдар арасында спортпен 732 адам айналысады, оның ішінде 165 бала. Ұлттық спорт түрлері де дамуда, оның 13 түрімен 8475 қатысушы айналысады.
⠀Инженерлік желілердің жай-күйі мәселесі қаралды. 2025 жылғы жөндеу науқаны шеңберінде «Павлодар жылу желілері» ЖШС жалпы ұзындығы 3,1 км жылу трассасының 11 учаскесінде күрделі жөндеуді жоспарлап отыр.
Барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
⠀Сессияның тікелей трансляциясын мәслихаттың фейсбуктегі ресми парақшасынан көруге болады.