Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілдерімен бірлесіп көшпелі кеңес өткізді.
⠀Бұл жолы көшпелі кеңес өткізуге қала тұрғындарының балалар ойын алаңдарын орнатуға, аула аумақтарын абаттандыруға – асфальт төсеуге, ағаштарды кесіп, көшені жарықтандыруға қатысты өтініштері себеп болды.
⠀Жергілікті жерде проблемалық учаскелер талқыланды, тұрғындардың ұсыныстары тыңдалып және оның шешу жолдары қарастырылып, белгіленді.
⠀Академик Шокин көшесі, 31 үй мекенжайы бойынша желілердің болуына байланысты жаңа балалар ойын алаңын орнату мүмкін емес, ал Құдайбердиев көшесі, 6 үй тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің абаттандыру жоспарына енгізілген.