Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевпен кездесуге қатысты.
⠀Кездесу барысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда айтқан негізгі тапсырмалары талқыланды.
⠀Өңірді дамыту, жергілікті билік органдарының тиімділігін арттыру, сондай-ақ қоғамдық диалогты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
⠀Сондай-ақ, мемлекеттік құндылықтарды және патриоттық тәрбиені сақтау, ұлттық бірлік пен бірегейлікті қалыптастырудағы дәстүрлердің, тіл мен мәдениеттің рөлі мәселелері талқыланды.
⠀Мәлік Отарбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау тек билік органдарының күш-жігерін үйлестіруді ғана емес, сонымен қатар қоғамның белсенді қатысуын талап етеді.