Павлодарға Семей қаласынан депутаттар делегациясы келді.
⠀Кездесудің мақсаты - қалалық ортаны дамыту, көгалдандыру, цифрландыру және кондоминиум нысандарын басқарумен байланысты өзекті мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасу болды.
⠀Сапар барысында екі қаланың өкілдері тұрғындардың тыныс-тіршілігін, өмір сүру сапасын жақсартуға және жайлы қалалық ортаны құруға ықпал ететін бірқатар негізгі жұмыс бағыттарын талқылады.
⠀Семей қаласының депутаттарын Павлодарда жасыл желектерді сақтап қалу үшін қандай технологиялар мен тәсілдер қолданылатыны, қалай жүйелі күтім ұйымдастырылатыны және қандай ағаш түрлері өңірдің климаттық жағдайына неғұрлым төзімді екені қызықтырды.
⠀Тәжірибе алмасу барысында Павлодарлық мамандардың бөліскен маңызды жаңалықтарының бірі - ағаштарды цифрландыру - қаланың жасыл желектерінің цифрлық картасын жасау жұмыстары болды.
⠀Сондай-ақ, саябақтар мен гүлзарларды жаңартудан бастап көше инфрақұрылымының жаңа элементтерін орнатуға дейін кешенді абаттандыру мәселелері талқыланды.
⠀Жалпы, Семей қаласынан келген депутаттардың сапары өңіраралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды.