VІІІ сайланған Павлодар қалалық мәслихатының XXVIII кезектен тыс сессиясы өтті.
Депутаттар «2024 жылғы Павлодар қаласының бюджетінің атқарылуы туралы» мәселені қарады.
⠀2024 жылы қала бюджеті 6 рет нақтыланған болатын, түзету 14 рет жүргізілді, нәтижесінде бюджет 250 468,7 млн. теңгені құрады. Кірістер 100,1% - ға орындалды, түсім 250 608,6 млн. теңгені құрады. Негізгі асыра орындау салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер есебінен қалыптасты.
⠀Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясының «2024 жылғы Павлодар қаласының бюджетінің атқарылуы туралы» есебі тыңдалды. Қала әкімдігінің, қаланың экономика және қаржы бөлімінің есебіне сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бірқатар ұсыныстар берілді.
⠀Павлодар қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық, бюджеттік бағдарламаларды, бағдарламалық құжаттарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауын, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын ескере отырып, әлеуметтік – экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидаларына сәйкес әзірленді.
⠀Сондай-ақ, Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясының «2024 жылғы Павлодар, Жетекші, Мойылды ауылдары, Атамекен кенті және Кенжекөл ауылдық округі бюджетінің IV деңгейінің орындалуы туралы» есебі тыңдалды.
⠀«Достық» көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу үшін мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу туралы» мәселе қаралды.
⠀Павлодар қаласының Бас жоспарына сәйкес қаланы оңтүстік бағытта дамыту әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілері бар көп қабатты кешендердің құрылысын салу үшін саяжай учаскелерін алып қою есебінен болжанады.
⠀Осыған байланысты «Строитель» бау-бақша серіктестігінің тұтыну кооперативінде 14 жер учаскесі көлемінде жер учаскелерін алып қою рәсімі басталды.
⠀Барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.