Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы Қобланбек Кожин азаматтардың жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді.
⠀Азаматтар Семей ядролық сынақ полигонында сынақтар нәтижесінде зардап шеккен адамдарға тұрғын үй алуға кезекке қою және тегін жол жүру мәселелері бойынша жүгінді.
⠀Қобланбек Кожин қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып, барлық мәселелер бойынша түсініктеме берді.
⠀Мұндай кездесулер тұрғындарға билік өкілдерімен толғандыратын мәселелерді тікелей талқылауға және олардың жағдайлары туралы нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.