Павлодарда үздік шахматшыларды іріктеді

Павлодарда үздік шахматшыларды  іріктеді

Бүгін Павлодарда бүкіл облыстың интеллектуалды ойын әуесқойларын жинаған «Senat Open» ашық кубогының II іріктеу туры өтт. Биыл жарыс былтырғы формат бойынша: 21 ақпан – 18 мамыр – еліміздің барлық өңірлерінде іріктеу турлары, 15 маусым – 9 тамыз – бес жартылай финал, 29 тамыз – финал елордада өтеді. Естеріңізге сала кетейік, « Senat Open» алғаш рет 2024 жылы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бастамасымен және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловтың қолдауымен өткізілді.

Турнир қорытындылары бойынша жеке және командалық есептегі жеңімпаздардан басқа медальдар алты арнайы санатта - ардагерлерге, депутаттарға, мәслихаттар қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге, қоғамдық кеңестер мүшелеріне және БАҚ өкілдеріне табысталды.

Енді өңіріміздің 35 үздік шахматшылары жартылай финалда Павлодар облысының намысын қорғайтын болады.

Сондай-ақ, осы шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен өңіріміздің басшылығы тарапынан облыс әкімінің орынбасары Айгүл Маликоваға, Павлодар облысының “Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі», «Дене шынықтыру және
спорт» баскармаларына үлкен алғысымызды
білдіреміз.