«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ «АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ «АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ

Бүгін облыстық мәслихаттың және «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко, «AMANAT» партиясы ПОФ атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Айнұр Мұхамедьярова, облыстық мәслихат депутаты Арман Рахмашев және қоғамдық кеңес мүшесі Чингиз Кусегенов Алғыс айту күні мен Партия күні қарсаңында облыстық ардагерлер кеңесін құттықтады. Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында олар ардагерлерге азық-түлік себеттерін табыстап, өңірдің дамуына қосқан үлестері үшін ризашылықтарын білдірді. «Еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан аға буынды қолдау – біздің парызымыз. Мұндай көмек біздің партиялық жобамыз аясында тұрақты түрде көрсетіліп келеді», – деп атап өтті Айнұр Мұхамедьярова. Кездесу барысында партия өкілдері ардагерлерге олардың еңбегі, жас ұрпаққа көрсеткен қолдауы және ел болашағына деген жанашырлығы үшін алғыс айтты. Өз кезегінде, ардагерлер «AMANAT» партиясына тұрақты қамқорлығы мен назар аударғаны үшін ризашылықтарын білдірді. Осындай игі шаралар партияның әлеуметтік қолдау мен аға буынға құрмет көрсету қағидаттарына адалдығын айқын көрсететін жақсы дәстүрге айналды. Іс-шара ардагерлердің жүрекжарды алғысы мен жылы әңгімелерімен аяқталды.