Бүгін облыс әкімдігінде оқу жылының аяқталуы, балалардың жазғы демалысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралды, күзгі-қысқы кезеңдегі ТҮКШ нысандарының жұмысы қорытындыланды

Бүгін облыс әкімдігінде оқу жылының аяқталуы, балалардың жазғы демалысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралды, күзгі-қысқы кезеңдегі ТҮКШ нысандарының жұмысы  қорытындыланды

Облыстың барлық 360 мектебінде оқу 25 мамырда аяқталады. Алғаш рет 27-31 мамыр аралығында 5-8, 10 сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады. 9 және 11 сыныптар үшін қорытынды аттестаттау 28 мамырдан 11 маусымға дейін өтеді.

Биыл 9-сыныпты барлығы 10 778 оқушы аяқтайды, бұл өткен жылдан 457-ге артық. 11 сынып түлектері – 4322, бұл өткен жылмен салыстырғанда 298-ге көп.
Негізгі ҰБТ 16 мамырдан 5 шілдеге дейін USTUDY тестілеу орталығының екі пункті базасында электрондық форматта өтеді деп жоспарлануда.

Жазғы кезеңде 109 мыңнан астам оқушы немесе оқушылардың жалпы санының 98,5 %-ы өңірдегі демалыс пен жұмыстың әртүрлі нысандарымен қамтылады. Мемлекеттік лагерьлердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 209, 8 млн. теңге бөлінді.

Асайын Байханов балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру, сауықтыру және жұмыспен қамту мәселелері бойынша брифинг өткізіп, ата-аналардың барлық сұрақтарына жауап беруді тапсырды. Сондай-ақ, балалардың жазғы демалысы мәселелері бойынша «жедел желі» құру тапсырылды.
- Әрбір бала бақылауда болуы керек. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі тек мемлекеттік органдардың ғана емес, ата-аналардың да қатаң бақылауында болуы тиіс, - деді өңір басшысы.

Сонымен қатар, жиналыста ТҮКШ нысандарының жұмысы қорытындыланды. Облыстың энергия көздерінде негізгі жабдықтың 226 рет тоқтауы тіркелді, бұл өткен қысқы кезеңмен салыстырғанда 248-ге аз. Жылу беру маусымы штаттық режимде өтті.
Алайда, тозу деңгейінің жоғары болуына байланысты электр қуатының өшуі көбейді.

Биыл 8 энергия блокты, 14 қазандықты, 7 турбинаны және 2 түтін құбырын жөндеу жоспарланған. Электрмен жабдықтау желілерінде 2195 км электр желілері, 791 бірлік жабдықтар жөнделеді. 33,5 км жылумен жабдықтау желілері жөнделеді.

Сумен жабдықтау және су бұру желілерінде 40 км желіні күрделі жөндеу және реконструкциялау жоспарланған.

Жылу беру маусымы басталғанға дейін 2472 көппәтерлі тұрғын үй және 1160 әлеуметтік нысан дайындалады. Ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін ТҮКШ және әлеуметтік сала нысандарын 2024-2025 жаңа жылу беру маусымына дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі.

Облыс әкімі 1 қыркүйекке дейін қазандықтарға, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне күрделі жөндеу жүргізуді, әлеуметтік сала нысандары үшін көмірдің қажетті мөлшерін сатып алуды және жеткізуді, сондай-ақ, бекітілген кестелерге сәйкес барлық нысандардың дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев