Избран состав Павлодарской областной территориальной избирательной комиссии

Избран состав Павлодарской областной территориальной избирательной комиссии

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 10-бабына сәйкес 2019 жылы сайланған облыстық аумақтық сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі 2023 жылы аяқталды.Облыстық мәслихаттың сайтында 2023 жылдың 9 қарашасында саяси партияларға және басқа да қоғамдық бірлестіктерге 7 адамнан тұратын облыстық аумақтық сайлау комиссиясын құру, кандидаттар бойынша ұсыныстар енгізу мерзімдері мен тәртібі туралы хабарламалар жарияланған.

Үш саяси партия мен төрт қоғамдық ұйымдар өз кандидаттарын ұсынды.

2023 жылдың 28 желтоқсанда облыстық мәслихаттың VIII кезектен тыс сессияссы өтті, онда облыстық аумақтық сайлау комиссиясын келесі жаңа құрамда сайлау туралы мәселесі қарастырылды.

«Аманат» партиясының облыстық филиалынан - Аманжолова Гүлнар Қабиденқызы;

«Ауыл шаруашылық қызметкерлердің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінен -  Айдаболов Ертай Жетпісұлы;

«Қазақстанның халық партиясы» облыстық филиалынан -Ильина Тамара Витальевна;

«Ауыл»халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» облыстық филиалынан -Кабанцова Людмила Федоровна;

«NAMYS-PVL» қоғамдық бірлестігінен -Калиева Малика Амангелдіқызы;

«KAISAR-KZ» қоғамдық бірлестігінен -Өтепов Жанат Аспандиярұлы;

«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы»қоғамдық бірлестігінен -Сүйіндікова Гүлсім Дүйсенбайқызы.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес 2024 жылдың 3 қаңтарында облыстың аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы өтті, онда 7 мүшеден аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Аманжолова Гүлнар Қабиденқызы, аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Кабанцова Людмила Федоровна және аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Калиева Малика Амангелдіқызы сайланды.