Жарысқа Павлодар, Екібастұз және Ақсу спортшылары қатысты. Бүгін турнирдің ашылуына құрметті қонақ ретінде: Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Шайхслямұлы Дүйсенбинов, Қазақстан «Бочча» федерациясының бас хатшысы Нұргүл Туленқызы Ульжекова және Павлодар облысы «Бочча» федерациясының президенті Илья Сергеевич Теренченко қатысты.
Турнирдің ашылуы кезінде Нұргүл Туленқызы Қала әкімі мен Облыстық «Бочча» федерациясының президентіне аталған спорт түрін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттарын табыстады. Алғашқы лақтыру құқығы Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбиновке және облыстық мәслихат депутаты Александр Толмачевке берілді.
Турнирге 40-тан астам қатысушы қатысуда.
Константин Музалевский түсірген сурет