VI очередная сессия областного маслихата

VI очередная сессия областного маслихата

Бүгін, депутат – облыстық мәслихаттың төрағасы Илья Теренченконың төрағалығымен облыстық мәслихаттың VI кезекті сессиясы өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары, қалалар мен аудандар әкімдері, облыс мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қарастырылды:
1. VIІІ сайланған Павлодар облыстық мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
2. Павлодар облыстық мәслихаты депутат мандатын беру және оларды тіркеу туралы хабарлама.
3. Павлодар облыстық мәслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 211/19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және т.б.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 45, 46-баптары, 111-1-бабының 6-тармағына, 112-бабының 1-тармағына сәйкес және «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Павлодар облысы бойынша өңірлік филиалының 2023 жылғы 28 қарашадағы кезектен тыс XXIX конференциясының хаттамасынан үзінді көшірме негізінде Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Елгонденов Саят Шалқыбекұлына мандатты береді және оны Павлодар облыстық мәслихатының депутаты ретінде тіркейді.
Облыстық мәслихат сессиясының шешімімен Елгонденов Саят Павлодар облыстық мәслихатының жастар және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына сайланды.
Күн тәртібіне енгізілген барлық сұрақтар мақұлданды, олар бойынша сессия шешімдері қабылданды.