
А.ж. 29 қарашасында облыстық мәслихаттың депутаты Исламбек Культумановтың төрағашылығымен облыстық мәслихаттың құрылыс, өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко, облыстық мәслихат депутаттары, Павлодар және Екібастұз қалалары әкімдерінің орынбасарлары, қалалық мәслихаттың құрылыс, өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері және әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының төрағалары мен мүшелері қатысты.
Отырыста Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі «Павлодар облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» №13/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесі қаралды. Осы мәселе бойынша баяндамамен облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қашкиров Қанат Шаймарданұлы сөз сөйледі.
Құрылыс, өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан шешім қабылдады. Бұл мәселе сессияда қарауға және шешім қабылдауға ұсынылады.