30 қараша күні, бейсенбіде сағат 11-00 де VIII сайланған Павлодар облыстық мәслихатының VI кезекті сессиясы өтеді

30 қараша күні, бейсенбіде сағат 11-00 де VIII сайланған Павлодар облыстық мәслихатының VI кезекті сессиясы өтеді

30 қараша күні сағат 11-00-де облыс әкімдігінің мәжіліс залында (Ак. Сәтбаев көшесі 49) VIII сайланған Павлодар облыстық мәслихатының VI кезекті сессиясы өтеді.

Сессия қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

VIІІ сайланған Павлодар облыстық мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

Павлодар облыстық мәслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 211/19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі «Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» № 21/3 шешіміне толықтырулар енгізу туралы және өзге сұрақтар.

Облыстық мәслихаттың VI сессиясының тікелей трансляциясын                

facebook-парақшасында  https://www.facebook.com/events/891066569040335/ сілтемесі арқылы көре аласыздар.