Зиянды заттар шығарындыларын азайту жөніндегі шаралар туралы

Зиянды заттар шығарындыларын азайту жөніндегі шаралар туралы

Павлодар облысы-Қазақстанның индустриалды өңірлерінің бірі, бұл қоршаған ортаға тікелей әсер етеді.

Жыл сайын ластаушы заттар шығарындыларының көлемі шамамен 700 мың тоннаны құрайды. Жалпы, ластаушы заттар шығарындыларының көздері үш негізгі топқа бөлінеді: өнеркәсіптік кәсіпорындар, автомобиль көлігі және жеке жер үй секторы.

Бүгін облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері өз отырысын жеке жер үй секторы мен шағын қазандықтарды пешпен жылытудан болатын зиянды заттардың шығарындыларына арнады.

Облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы А. Қабылтаеваның ақпараты тыңдалды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына экология департаменттерінің басшылары М. Көшкімбаев және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Б. Әлиев жауап берді.  Қоғамдық кеңестің жұмысына Павлодар облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры А. Баяндинов, Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары әкімдерінің орынбасарлары, Қазгидромет өкілі А. Левина, ТМД еңбек сіңірген энергетигі, техникалық сарапшы А. Аманғалиев қатысты.

Қоғамдық кеңес мүшелері Берковский Владимир, Гуляев Сергей, Мусин Шамгон өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстар енгізді.

Қаралған мәселенің қорытындысы бойынша басқармалар мен департаменттерге, қалалар мен аудандар әкімдіктеріне ұсынымдар берілді.