Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөнінднгі комиссия отырысы туралы

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөнінднгі комиссия отырысы туралы

Бүгін облыстық қоғамдық кеңестің агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.Комиссия мүшелері «Ашық НҚА» порталында жарияланған «Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кейбір мәселелері туралы» нормативтік құқықтық ақті жобасын талқылады.
Комиссия мүшелерінің сұрақтарына облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Н.Кабиев жауап берді.
Қаралған мәселенің қортындысы бойынша комиссия мүшелері ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсыру үшін облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру» қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды жолдау туралы шешім қабылдады.
Комиссия мүшелері 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын да талқылады