Облыстық қоғамдық кеңестің отырысы туралы

Облыстық қоғамдық кеңестің отырысы туралы

2022 жылғы 28 қарашада облыстық қоғамдық кеңестің отырысында екі мәселе қаралды. "Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету шаралары мен жағдайы туралы" мәселе бойынша облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, білім басқармалары тыңдалды. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Беготаева Қадиша кеңесті көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы хабардар етті. Қоғамдық кеңес мүшелері Берковский Владимир, Левченко Владимир, Заут Болат көпбалалы аз қамтылған отбасыларды, оның ішінде көпбалалы қандас отбасыларын қолдау жөнінде ұсыныстар енгізді.
Ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу, бизнесті қаржылай қолдау (гранттар) және су құбырларын салу және реконструкциялау салаларында жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындылары туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Қасымов Мұратбек хабарлады. Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына облыстың жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Хамитов Мұрат, облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Дугалов Талғат, облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахимова Әлия, Баянауыл ауданының әкімі Батырғожинов Серік, Успен ауданының әкімі Дычко Николай жауап берді.
Қоғамдық кеңес мүшелері Гуляев Сергей, Сальменбаев Зейнулла, Дубовицкий Юрий, Левченко Владимир, Туғанбай Амантай, Заут Болат, Қазылова Гүлзира мәселені талқылауға белсене қатысып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу, су құбырларын салу және реконструкциялау, сондай-ақ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қаржылық қолдау мәселелері бойынша жұмыстарды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізді.
Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша қоғамдық кеңес облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, білім беру, кәсіпкерлік және жер қатынастары саласындағы басқармаларына, қалалар мен аудандар әкімдіктеріне ұсыныстар берді.