Тұрақты комиссияның отырысы

Тұрақты комиссияның отырысы

 

23 қарашада экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында Павлодар облысы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары қаралды. 

2022 жылдан бастап заңнамамен бекітілген: эмиссиялық төлемдерді мақсатты жұмсау Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің өзгеруіне байланысты табиғатты қорғау іс-шараларына жіберіледі.

Облыстың қоршаған ортаны және су ресурстарын жер қойнауын пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Сағын Төлеутаев 2023-2025 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру табиғатқа теріс әсерді азайтуға, флора мен фаунаның жай-күйін жақсартуға, табиғи ресурстардың шығынын азайтуға, табиғат ескерткіштері мен тарихи құндылықтарды сақтауға әкелетінін атап өтті.

Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның депутаттары облыстың табиғатты қорғау іс-шаралары жоспарының бірқатар бағыттарын ұйымдастыру бойынша, оның ішінде облыс аудандарында су бассейнін қорғау, қалдықтармен жұмыс істеу және шыбын-шіркеймен күрес мәселелері бойынша ұсыныстар берді.