
20 тамыз күні облыстық мәслихаттың депутаты Маханбет Амангелдінің төрағалығымен азаматтардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыста күн тәртібіне енгізілген бірқатар маңызды мәселе қаралды.
Атап айтқанда, Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерін күші жойылды деп тану, сондай-ақ «Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту мәселелері талқыланды. Аталған мәселе бойынша облыс әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшысы Дидар Балтабайқызы Сыздықова баяндама жасады.
Сонымен қатар, Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы «Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы» Ережені бекіту жөніндегі шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды. Бұл мәселе бойынша Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Сәбит Ермұхамбетұлы Әубәкіров ақпарат берді.
Отырыста бұдан бөлек Павлодар облысы мәслихатының аппараты туралы Ережеге өзгерістер енгізу, сондай-ақ Павлодар облысы мәслихатының Регламентіне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. Аталған мәселелер бойынша облыстық мәслихат аппаратының басшысы Альмира Шайхислямқызы Кусаинова баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар қаралып, тиісті шешімдер қабылданды