
Ағымдағы жылдың 15 мамырында М. Амангелдінің төрағалығымен облыстық мәслихаттың азаматтардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Күн тәртібі бойынша «Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 7 маусымдағы «Павлодар облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» №127/13 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасы қаралды.
Облыстың дін істері басқармасының басшысы Н.Ж. Байбакиров баяндама жасады.
Ұсынылып отырған өзгерістер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына енгізілген өзгерістерге байланысты енгізілді.
Талқылау қорытындысы бойынша комиссия жобаны қолдады және бұл мәселені облыстық мәслихаттың сессиясына қарау үшін шығаруды ұсынды.