Рабочая поездка депутатов постоянной комиссии по аграрным вопросам в Успенский район.

Рабочая поездка депутатов постоянной комиссии по аграрным вопросам в Успенский район.

Бүгін Павлодар облыстық мәслихатының аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.А. Аманжоловтың жетекшілігімен депутаттардың Успен ауданына жұмыс сапары өтті.

Сапар барысында ауданның бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдарына барылды. Атап айтқанда, "Ольховское" ШҚ, "Штрек Н.П." ШҚ және "Ч.К.У. " ФҚ базасында қолда бар ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтар паркімен танысты. Сондай-ақ "Егімбай" ФҚ және "Жалаир" ФҚ егіс алқаптарында көктемгі дала жұмыстарының барысы қаралды.

Шаруашылық басшыларымен кездесулер барысында аграрлық секторды дамыту, материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету және дала жұмыстарын уақытылы жүргізу мәселелері талқыланды.

Жұмыс сапары ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы қазіргі жағдайды жергілікті жерде бағалауға және аграршыларды одан әрі қолдаудың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.